12:27, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Ақтөбе облысының Қобда ауданына жаңа әкім тағайындалды
АҚТӨБЕ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовтың 15 сәуірдегі өкімімен және аудандық мәслихаттың келісімімен Асқар Жүсібалиев Қобда ауданының әкімі болып тағайындалды.
Ауданның бұрынғы әкімі Любовь Исмағамбетова Қобда аудандық мәслихатына депутат және хатшы болып сайлануына байланысты қызметін босатты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Асқар Жүсібалиев жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысы бойынша аймақаралық жер инспекциясының бастығы болып қызмет еткен.