Ақтөбе облысының прокуратурасында электронды қадағалау өндірісінің жүйесі таныстырылды

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағанындай, бұл жаңалық «электронды үкімет» арқылы мемлекет ұсынатын қызметтердің түрлерін кеңейтуге бағытталған. Бұдан былай, кез келген ақтөбелік үйлерінен шықпай-ақ, Ақтөбе облысы прокуратурасының сайты - www.oblakt-procuror.kz арқылы прокуратурадағы өз өтінішінің қаралуы туралы ақпарат ала алады. Прокуратура органына өтініш беру кезінде азаматқа логин мен пароль беріледі. Бұларды пайдалана отырып өз өтінішінің қаралу барысын бақылай алады.
Электронды қадағалау өндірісінің жүйесі облыстық прокуратурада 2009 жылғы қазанның 12-сінен бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде онымен 120 жеке және заңды тұлғалар пайдаланды.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәми ақтөбелік прокуратураның ақпараттық технологияларды енгізу бойынша жұмыстарын мақұлдады және оң тәжірибені басқа аймақтарда да пайдалану мүмкіндігін қарауды тапсырды.