08:58, 02 Шілде 2013 | GMT +5
Ақтөбе облысының Шалқар ауданында жастар арасындағы кикілжің атыспен аяқталды
АҚТӨБЕ. 2 шілде. ҚазАқпарат - Шалқар ауданында жастар арасындағы қылмыс деңгейі төмендемей отыр.
Өткен аптада жастардың екі тобының қақтығысынан жергілікті үш тұрғын оқ жарақаттарын алды.
ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 27 маусым күні түнде жігіттердің екі тобы қарым-қатынастарды анықтау мақсатында Шалқар қаласындағы мектептердің бірінің маңына жиналған. Салдарынан 19 жастағы үш жігіт шолақ аңшы мылтығынан жарақаттар алды.
Тәртіп сақшылары оқ атқан азаматты көп ұзамай ұстады. 18 жастағы жергілікті тұрғын өз кінәсін мойындады.
Бүгінгі таңда аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 257-бабы 3-бөлігі «Қару қолдана отырып жасалған бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Қазіргі уақытта ол Шалқар қаласындағы уақытша ұстау абақтысында отыр.