Ақтөбе өңіріндегі келешегі жоқ ауылдардың 200-ге жуық тұрғыны Ақтөбе қаласынан жұмыс және пәтерлерге ие болады

АҚТӨБЕ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбе өңіріндегі келешегі жоқ ауылдардың 200-ге жуық тұрғынын «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жылдың аяғына дейін облыс орталығына көшіріп, жұмыс және пәтерлер беру жоспарлануда.
None
None

Аталған бағдарламаның үшінші бағыты бойынша экономикалық болашағы төмен елді мекендердің тұрғындарын экономикалық өсім орталықтарына көшіру қарастырылған.

Ақтөбе облысының 7 ауданында келешегі жоқ ауылдар анықталды - Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Мартөк, Мұғалжар, Темір және Ойыл аудандары.

Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрия Әбіләкімованың айтуынша, бүгінде 56 отбасы көшуге келісімін берді. Қазіргі кезде аудандық комиссиялар олардың өтінімдерін қарастыруда. Көшіру кезінде жастар және оралмандарға басымдық беріледі.

Мемлекеттік бағдарламаға еңбекке қабілетті, өзіндік жұмыс істейтін, жұмыссыз немесе аз қамтылған тұрғындар санатына жататын кез келген адам қатысушы бола алады.

«Бағдарламаның қатысушысымен әлеуметтік келісім-шартқа отырамыз. Бағдарламаның маңызды талаптарының бірі отбасының еңбекке қабілетті әрбір мүшесін жұмысқа тұрғызу болып табылады», - дейді ол.

Егер бағдарламаның қатысушысы жұмыс істемей, ұсынылып отырған бос жұмыс орындарынан бас тартса, оған берілген қызметтік баспананы мемлекетке қайтаруға тура келеді. Егер отбасы бағдарламаға қатысудан бас тартып, Ақтөбеден кетуді ұйғарса, ол өзіне жолақыға берілген субсидияларды қайтарып, қызметтік баспананы босату керек болады.

Соңғы жаңалықтар