Ақтөбе тұрғыны жергілікті кенепшөптен әзірленген марихуана тасымалдағаны үшін сотталды

АКТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 5 тамызда Ресейдің Самара қаласына баратын рейстік автобусқа отырмақшы болған азамат Н-дан Жайсаң шекаралық бақылау пунктінде оны тексеру кезінде салмағы 2,27 грамм есірткі заты табылды.
None
None

Ұсталған азаматқа қатысты есірткі заттарымен заңсыз айналысу, контрабанда туралы баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Істі Маңғыстау аудандық соты қарады. Сотталушы 2015 жылғы 26 маусымда Ақтөбе маңындағы аймақта өсіп тұрған жабайы кенепшөпті тапқан. Құрамына есірткі барын біле тұра, оны теріп алып, үйіне әкеліп, кептірген.

Сот отырысында Н. кінәсін мойындап, бұл ісіне өкінетіндігін білдірді.

«Сот Н-ны айыпты деп танып, бір жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар