18:06, 28 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Ақтөбеде 200 балаға арналған президенттік шырша өтті
АҚТӨБЕ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін «Атамекен» демалыс орталығында халықтың әлеуметтік қорғалатын бөлігінен 200 балаға арналған дәстүрлі президенттік шырша өтті.
Президенттік шыршаға жетім, ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар, мүгедектер, көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 9 бен 13 жас аралығындағы балалар шақырылды. Айта кетейік, олар бүгінгі күнде оқу озаттары атанып, әртүрлі олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары болып жүр.
Балаларға «Балалық шақтағы жаңажылдық ертегі» атты театрландырылған қойылым ұйымдастырылды. Сондай-ақ балалар үлкен экраннан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын тыңдады.
Содан кейін Елбасының атынан Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жаңажылдық сыйлықтарды табыс етті. Әр сыйлықтың жиынтығына сыртқы киім, етік, бас киім, спорттық костюм және аяқ киім, сондай-ақ тәттілер мен кітаптар және кеңсе тауарлары кірді.