Ақтөбеде 21 жастағы жігіт жүк көлігін айдап әкетіп, жол апатына түсті

АҚТӨБЕ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Кеше кешке полицияға 35 жастағы алматылық азамат келіп, қырғызстандық нөмірлері бар «Мерседес» көлігінің айдап әкетілгені туралы хабарлады. Көлік Тургенев көшесі мен Абай даңғылының қиылысында тұраққа қойылған еді.
None
None

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жасағы айдалып кеткен көлікті Абай даңғылынан тапты, оны мас күйінде болған 21 жастағы жігіт жүргізген.

Мәлім болғандай, көлікті айдап әкеткен күдікті азамат Әбілқайыр хан даңғылы жағына бара жатып, бірақ жолдың қиылысында көлікті басқара алмай, «Ауди» және «Тойота Прадо» көліктерімен соқтығысып қалған.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 185 бабы бойынша қылмыстық істі қозғау мәселесі шешілуде. Күдікті азамат бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған, қазіргі кезде ол ешқайда кетпеу жөнінде қолхат толтырған соң босатылды.

Соңғы жаңалықтар