12:25, 07 Наурыз 2012 | GMT +5
Ақтөбеде 32 жасар азамат 1 келі героинмен қолға түсті
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 32 жасар азамат 1 келі героинмен қолға түсті. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның деректеріне қарағанда, есірткі сатушыны Ақтөбе қалалық Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесімен күрес департаментінің қызметкерлері «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағының көмегімен қолға түсірген. Ол 1 келі героинді сатпақ болған жерінен ұсталды. «Қазіргі таңда осы әрекет бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды», - деді ресми өкіл.