Ақтөбеде 656 орынға арналған медициналық оңалту орталығы салынады
«Даму» бөлімшесінің бас менеджері Берік Нұрғалиевтың сөзіне қарағанда, «Дару Клиникасы» Медициналық оңалту орталығы» ЖШС жобасы бойынша 656 орынға арналған медициналық орталық салуды жоспарлап отыр.
Клиника инновациялық медициналық технологияларды қолдана отырып, қазіргі заманғы жоғары техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Медициналық орталық 656 орынға арналған, сонымен қатар оның қатарында 274 орындық балаларға арналған емхана мен 382 орындық ересектерге арналған емхана бар.
Сонымен бірге, «Даму» мен екінші реттегі банктер және кәсіпкерлер арасында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бірінші бағыты бойынша тағы да екі келісімшартқа қол қойылды.
Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау күйінде мемлекеттің қолдауына «Өндістік алаңдарды салу мен негізгі қаражатқа ие болу» жобасы бойынша «Кабиев и К» ЖШС ие болды. «Болат LTD» ЖШС жоғары сапалы сүт және сүт өндірілетін өнімдерді шығаратын компанияның қызметін кеңейту мақсатында жаңа жабдықтарды алуды жоспарлап отыр.