16:19, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Ақтөбеде ағайынды азаматтарды өлтірген қылмыскер ұсталды
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ақтөбе облысының тәртіп сақшылары ағайынды екі бірдей азаматтарды өлтірген қылмыскерді қолға түсірді. Бұл туралы бүгін Астанада журналистермен болған брифингте мәлім болды.

Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораздың мәліметтеріне қарағанда, қыркүйек айының орта тұсына таман Ақтөбе қаласының шетіндегі қараусыз қалған саяжайдағы үйлердің бірінен денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері бар 29 жастағы азаматтың мәйіті табылған. «Оны бірігіп ішкен ішімдіктің салдарынан туындаған ұрыс-керіс кезінде 43 жастағы бұрын сотталған азамат өлтірген болып шықты. Кейінірек мәлім болғанындай қылмыскер осы оқиғадан бірнеше күн бұрын өзі өлтірген азаматтың 30 жастағы ағасын да пышақтап өлтіргенін мойындады. Қазіргі таңда осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді департамент бастығы.