Ақтөбеде ауаның ластану деңгейі өте жоғары - «Қазгидромет» РМК өкілі

АҚТӨБЕ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе қаласындағы ауаның ластану деңгейі өте жоғары. Ластану индексі 8.5 шегінде қалып отыр, ал қосымша экологиялық бекеттер орнатылған жағдайда бұл көрсеткіштің бірнеше есе өсетіні даусыз.
None
None

Бұл жөнінде «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары Ажаргүл Кәненова қоршаған ортаның жай-күйіне жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы өткен ұжымдық кеңесте баяндады.

Тобыл-Торғай экология департаментінің деректері бойынша, бүгінгі күні Ақтөбе облысының атмосфералық ауа сапасына бақылауды Ақтөбе қаласындағы 3 бекет жүргізеді, ал кеңестік кезеңде 8 бекет жұмыс істеген. Бұрынғы уақыттары аймақта 35 гидробекеттер жұмыс істесе, қазіргі уақытта олардың саны 8 бірлікке дейін қысқарған.

Ажаргүл Кәненованың айтуынша, алты аймақтағы - Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарындағы өзендерге жасалған бақылау - Қостанай облысындағы Елек, Обаған өзендерінің, Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінің барынша ластанғанын көрсетті.

Каспий теңізінің түбіне жасалған зкологиялық мониторинг ластану деңгейі төмендігін көрсетті.

«Қазгидромет» өкілінің айтуынша, бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша - 26, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 11, Маңғыстау облысы бойынша - 14, Қостанай облысы бойынша 9 экологиялық бекет орнату талап етіледі. Алайда бұлар айтарлықтай қаржыландыруды қажет етеді, өйткені бір бекеттің құны 42 млн.теңге тұрады.

Соңғы жаңалықтар