12:41, 27 Сәуір 2013 | GMT +5
Ақтөбеде ауылшаруашылық жәрмеңкесі басталды
АҚТӨБЕ. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде «Табыс» коммуналдық базарында мейрам қарсаңындағы жәрмеңке басталды.

Оған облыс орталығы мен ауылдық округтардың ауылшаруашылық кәсіпорындарының және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындардың алуан түрлі өнімдері нарықтағыға қарағанда төмен бағамен ұсынылды.
Қала тұрғындары ет және ет өнімдеріне, шұжықтың түр-түріне, сүт өнімдеріне, картопқа, пиязға, орамжапырақ пен жемістерге қарық болды.
Құрайлы ауылдық округіндегі «Құрайлы Агро» ЖШС жылыжай кешенінің өнімдеріне сұраныс аса жоғары. Олар жәрмеңкеге қызанақ жеткізген.