Ақтөбеде баукеспе 3 ұрлықтан 1 млн. теңге тапқан

АҚТӨБЕ. 26 шілде. ҚазАқпарат - Ақтөбеде баукеспе 3 жекеменшік үйді тонап, жалпы сомасы 1 млн. теңгеден астам қаражат тапқан, дап хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Сазды ІІБ криминалды полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында «Алтай» базарында бұған дейін ұрлық үшін істі болған 30 жастағы ер адам ұрланған заттарды сату кезінде қолға түсті.

Анықталғандай, 23 шілде күні Ақтөбе қаласының 59 жастағы тұрғыны полицияға шағымданған. Әйелдің айтуынша, оның үйінен ноутбук, алтын зергерлік бұйымдар мен 400 мың теңге ұрланған. Келтірілген шығын 800 мың теңгеден астам соманы құрады.  

Оқиға барысында анықталғандай, күдіктінің 2 ұрлық әрекетіне қатысы бар.

Күдіктінің сөзіне қарағанда, ұрланған мүліктерді ол базарда төмен бағаға сатқан, қаражатты өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Бұл фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 175 бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған заттар алынды. Күдіктіден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.

Соңғы жаңалықтар