19:20, 12 Наурыз 2013 | GMT +5
Ақтөбеде бейнебақылау камерасының көмегімен 259 қылмыс ашылды, 40 мыңға жуық бұзушылықтар анықталды
АҚТӨБЕ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтөбеде соңғы үш жыл ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 259 қылмыс ашылып, 39 195 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Осы жылы қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен 9 қылмыс ашылды. 2012 жылы - 32, ал 2011 жылы - 217 қылмыс ашылды.
Қазіргі уақытта облыс орталығында 48 бейнебақылау камералары және 24 камера - Ақтөбе қаласынан шығар жолдарда орнатылған. Осы жылы тағы 70 бейнебақылау камералары орнатылады деп жоспарлануда.
Полиция бейнебақылау камералары қылмыстық әрекеттерді тежеудің және алдын алудың пәрменді шараларының бірі болып табылатынына сенімді.
Айталық, 11 наурыз күні бейнебақылау камерасының көмегімен «Алақай» қуыршақ театрының алдында 49 жастағы ақтөбелік тұрғыннан 15 мың теңгені ашық тонаған ұрлықшы ұсталды. Бейнебақылау камералары қылмыскердің қайда бағытталғанын түсірген және ол дер кезінде ұсталып, ақша қайтарылып алынды.
.