Ақтөбеде болашақ әскери ұшқыштар ант қабылдады

АҚТӨБЕ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Екі мәрте Кеңес Одағының батыры атанған Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында бірінші курстың курсанттары Отан алдында ант қабылдады. Болашақ офицерлердің өміріндегі осындай маңызды оқиғаға ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, курсанттардың туыс-туғандары мен қарапайым адамдар қатысты.
None
None

ЖОО жетекшілері мен келген қонақтардың алғы сөзінен кейін ант қабылдау рәсімі басталды. Әскери ЖОО-ға түскен 117 курсанттың әрқайсысы мемлекеттік тіліміз бен орыс тілдерінде анттың мәтінін оқыды. Отан алдында адал қымет етуге ант қабылдағандардың барлығы Қазақстанның әр аумағынан келген.

«Мен өмір бойы ұшқыш болуды армандадым. Бүгін сол арманыма қол жеткізе бастадым. Мен жақсы білім алып, болашақта нағыз кәсіпқой ұшқыш атану үшін бар күш-жігерімді салатын боламын», - дейді Байқоңырдан келген курсант Нұркелді Мұхтаров.

Соңғы жаңалықтар