Ақтөбеде бос орын жәрмеңкесінде 400-ден астам жұмыс орны ұсынылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Достық үйінде өткен кезекті қалалық бос орындар жәрмеңкесінде ақтөбеліктерге облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары 401 бос жұмыс орнын ұсынды.
None
None

Әлеуметтік жұмыс орындарында 19 бос орын болса, тұрақты жұмыс орындарында 382 бос орын болды.

Жәрмеңке ақтөбеліктердің, әсіресе жастардың үлкен қызығушылығын оятты. Қаланың жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Нәйлә Бүртібаеваның пікірі бойынша, бүгінгі күні жасы үлкен адамдардың жұмысқа орналасуы барынша қиындықтар тудыруда.

«Жастарды бос орындарға бірден жіберіп жатырмыз, ал зейнеткерлік жасқа жақын қалған адамдарға жұмыс тауып беру өте қиын. Олар көбінесе қоғамдық жұмыстарға жіберіледі», - деді Н. Бүртібаева.

Бүгінде Ақтөбеде 400-ге жуық жұмыссыздар ресми тіркелген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум