Ақтөбеде Чернобыль құрбандарына ескерткіш орнатылады

АҚТӨБЕ. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде осы жазда Чернобыль апаты құрбандарына арналып ескерткіш орнатылады. Бүгін «Алақай» театрына қарама-қарсы орын тепкен Тұрғынжай қалашығындағы шағын гүл бағында болашақ ескерткіштің алғашқы тасы қаланды.
None
None

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының басшылары, «Чернобыль құрбандары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, апаттың зардаптарын жоюға қатысқандардың жесірлері мен туыстары, саяси партиялардың, ҮЕҰ, ардагерлер мен жастар өкілдері қатысты. Одан кейін «Алақай» театрында Чернобыль апатының зардаптарын жоюға 25 жыл толуына арналған салтанатты шара болып өтті. Апатты жоюға қатысқан сегіз адам облыс әкімінің алғысхаттарымен марапатталып, апатты жоюға қатысқандардың жесірлеріне қаржылай көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар