Ақтөбеде есірткі сатушы 1,5 келі героинмен ұсталды

АҚТӨБЕ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Ақтөбелік тәртіп сақшылары өңірге жоғары деңгейде тазартылған героин тасымалдаудың жолын кесті.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Маусым айының соңында 24 жастағы ақтөбеліктің 111 грамм героин, ал үш күннен кейін тағы да 113 грамм сатқаны анықталды. Ер адам жалпы салмағы 1 келі 37 грамм құрайтын есірткінің кезекті сауда-саттығы кезінде ұсталды. Сезіктінің саяжайдағы үйінің шатырынан жасырылған 145 грамм героин табылды. Күдікті жалпы 1,5 келі есірткі сатып, пайдаға кенелуге әрекеттенген.

Бүгінде ҚР ҚК 259 бабы 3 бөлігі «Аса ірі көлемдегі есірткі затын заңсыз алу, сату мақсатында сақтау немесе сату» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған сәйкес күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Қазіргі таңда «саудагер» уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды. Сот санкциясымен ер адам қамауға алынды.

«Соңғы екі ай ішінде облысқа жоғары сапалы героиннің ірі көлемін жеткізу бойынша екінші оқиға тіркеліп отыр. Есірткі елдің оңтүстік өңірлерінен транзит арқылы Ресейге өткізу үшін әкелінген», - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин.

Соңғы жаңалықтар
Референдум