Ақтөбеде есірткіні заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды

АҚТӨБЕ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Ақтөбеде есірткіні заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін іздеуде болған Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Ақтөбе облысында «Іздеу» мемлекетаралық операциясы 17-19 қазан аралығында ТМД елдерінің ішкі істер органдарымен келісу бойынша өткізілуде және ол қылмыскерлерді іздеп-табудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Мәселен, ағымдағы жылдың 17 қазанында Ақтөбе қалалық қылмыстық полициясы бөлімінің қызметкерлері 2012 жылдың ақпан айында РФ Челябі облысының қалалық ІІД-мен РФ ҚК-нің 228-бабымен («Есірткілік, психотроптық заттарды немесе олардың баламаларын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, дайындау, өңдеу») қарастырылған қылмысты жасағаны үшін іздеуге жарияланған Ресей Федерациясының 64 жастағы азаматын ұстады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум