Ақтөбеде этномәдени бірлестіктерге облыс әкімінің гранттары тапсырылды

АҚТӨБЕ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесті, оның барысында жыл сайынғы гранттар тапсырылды.
None
None

Бүгінде Ақтөбе облысында 18 этномәдени бірлестіктер жұмыс жасайды. Ұлттық-мәдени орталықтардың қызметі өте белсенді әрі жан-жақты.

Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ермұхан Қыдырғалидың айтуынша, этномәдени бірлестіктердің басшылары қоғамдық өмірге белсене араласып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосып келеді.

Бірлестіктердің көшбасшылары - бұлар негізінен танымал және беделді адамдар, олар Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихат топтарының құрамына кіреді.

А.Мұхамбетов салтанатты жағдайда этномәдени бірлестіктер басшыларына 100 мың теңгеден гранттар тапсырды. Бұл қаражат ұйымның қызметін қолдауға, ұлттық тілдерді, дәстүрлер мен салттарды дамыту жөніндегі мәдени шараларды өткізуге жұмсалмақ.

«1992 жылы бала болсам да Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына алғаш рет қатыстым. Сонда мен алғаш рет ойға баттым, мен - болгар жұртының қызымын, Қазақстанда тұрамын. Бүгінде есейген шағымда Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған Мемлекет басшысының даналығы мен көрегендігіне қайран қалам, бұл құрылым халқымызды топтастыра түсуде, сонымен бірге әр ұлттың өз мәдениетін, тілін және дәстүрлерін дамытуға барлық жағдайлар жасалған», деді облыстық болгар этномәдени бірлестігінің төрайымы Анастасия Подольянова.

Соңғы жаңалықтар