20:43, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
Ақтөбеде ірі есірткі партиясымен зейнеткер полицей ұсталды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде есірткі бизнесімен күрес қызметкерлерінің мақсатты жедел іздестіру шараларын жүргізуі барысында 48 жастағы бұрынғы ішкі істер органдарының қызметкері ұсталды, одан ірі көлемде есірткі тәркіленді, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
«Зейнеткерден 18 грамға жуық есірткі алынды, ер адам есірткіні өткізбекші болған кезде ұсталды», - делінген хабарламада.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК «Есірткі заттарын заңсыз сақтау» 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жыл басынан бастап есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері 39 есірткі қылмысының жолын кесті, оның ішінде өткізу бойынша - 15 факті тіркелді. Заңсыз айналымнан 7,5 келі есірткі заттары тәркіленді.