16:31, 22 Қазан 2012 | GMT +5
Ақтөбеде «Іздестіру» жедел-алдын алу шарасының барысында тоғыз қылмыскер ұсталды
АҚТӨБЕ. 22 қазан. ҚазАқпарат - 17-19 қазан аралығында Ақтөбе облысында қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған және із-түссіз жоғалған тұлғаларды іздеп табуға бағытталған «Іздестіру» жедел-алдын алу шарасы өткізілді.
ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жедел-алдын алу шарасының барысында іздеуде жүрген тоғыз қылмыскер ұсталды. Бұдан басқа, 13 адам табылды, олардың төртеуі - кәмелеттік жасқа толмағандар, барлығы үйлеріне қайтарылды.
Мысалы, облыстық ІІД-нің қылмыстық полиция қызметкерлері Орынбор облысындағы әріптестерімен бірігіп 2010 жылдан бері із-түссіз жоғалып кеткен деп есепте тұрған 46 жастағы РФ азаматын тапты. Ресейлік әріптестердің айтуынша, 2010 жылдың қыркүйегінде ол туыстарымен дауласып, ешкімге ештеңе айтпастан Ақтөбе облысына кетіп, онда жалдамалы пәтерде тұрған.