20:32, 19 Сәуір 2013 | GMT +5
Ақтөбеде кәмелетке толмаған қыз маскүнем анасының кесірінен үйінен қашып кетті
АҚТӨБЕ. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Ақтөбеде хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған қыз табылды.
ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 7 сәуірде Ақтөбе қаласының ІІБ Сазды полиция бөліміне қаладағы колледждің бірінде оқитын 17 жасар қыздың анасы оның жоғалып кеткені жайлы өтініш жасады.
Полицейлер үлкен жұмыс көлемін атқарды: құрбыларынан, қарым-қатынастағы адамдардан, туыстарынан сұралды. Екі аптадан кейін полицейлер жоғалған қыз Түркістанға өз әжесінің қолына барғанын анықтады.
Белгілі болғандай, анасы мен қызының арасында кикілжің туындаған, анасы спирттік ішімдікке үйір болған, сондықтан да қызы одан қашып кеткен.