Ақтөбеде кәсіподақтардың қызметтеріндегі ҚР Еңбек кодексін іс жүзінде қолдану бойынша семинар өтуде

АҚТӨБЕ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Бүгін Ақтөбе облыстық кәсіподақтар кеңесінде «Кәсіподақтардың қызметтеріндегі ҚР Еңбек кодексін іс жүзінде қолдану» деген тақырыпта екі күндік семинар басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ҚР Кәсіподақтар федерациясының оқу-әдістемелік орталығының атынан көшпелі семинардың бастамашысы ретінде Ақтөбе облыстық кәсіподақтары әрекет етті.Қызметкерлерге және жұмыс берушілерге қатысты еңбек қатынастарын реттеуде кәсіподақтар маңызды рөл атқарады, бұл әсіресе дағдарыс кезеңінде көкейкесті болып отыр.«Кәсіподақтар белсенділіктерін арттыруда. Әкімдік, жұмыс беруші және облыстық кәсіподақ арасындағы үшжақты шарттан басқа биылғы жылы жасасқан ұжымдық шарттардың саны бірнеше рет өсті, қазір олардың саны 4 мыңға жетті», ? деді Ақтөбе облыстық кәсіподақтар төрағасы Түрікпенбай Айжарықов.
Соңғы жаңалықтар