Ақтөбеде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтіп жатыр (ФОТО)
Ақтөбеге елдің көптеген аймақтары мен Ресейден қонақтар келді.
Кіші жүздің ханы, Қазақ хандығының жоғарғы бас қолбасшысының ескерткішіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыстардан келген делегациялардың басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, шығармашылық зиялы қауым, Әбілқайыр ханның ұрпақтары, студенттер, мектеп оқушылары гүл шоқтарын қойды.
Сондай-ақ бүгін Ақтөбеде қолданбалы өнер шеберлерінің «Ұлы дала нақыштары» атты халықаралық жәрмеңкесі, аймақтық туристік көрме, «Ақтөбе облысының халық сәулетшілігінің атақты ескерткіштері» фотокөрмесі, «Бабадан қалған байтағым» аймақтық ақындар айтысы, «Қазақ хандығының дамуы: оқиғалар, тұлғалар» халықаралық ғылыми конференциясы өтеді. Кешке Сайрам шайқасының қатысушысы Тілеу Айтұлы батырға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтеді.
Ертең екі аптаға созылатын салтанаттардың басты оқиғасы - Әйтеке би ауданында Әбілқайыр хан жерленген «Хан моласы» ортағасырлық қорымда оған мемориалдық кешеннің ашылуы күтілуде. Кешен кесене мен қазақтың үш жүзін бейнелейтін үш ту түріндегі стелладан тұрады. Туларда бүкіл қазақ руларының тамғалары басылған. Толыбай ауылында хан мұражайы ашылады.
Ертең Әйтеке би ауданында түрлі шаралар: фольклорлық ансамбльдердің фестивалі, концерттер, айтыс, ат спорты және халық жарыстарының басқа да түрлері ұйымдастырылады.