Ақтөбеде «Қазақстандық қамту: шағын және орта бизнестің міндеттері мен мүмкіндіктері» атты аймақтық бизнес-форум өтеді

АСТАНА. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мамырдың 14-і күні Ақтөбеде «КАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қазақстандық қамту: шағын және орта бизнестің міндеттері мен мүкіндіктері» атты аймақтық бизнес-форум өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынның мақсаты - елде өндірілген тауарды тасымалдау мен сатуды және қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асырушы болып табылатын мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар мен шағын және орта кәсіпкерлік сияқты сала өкілдерінің қатысуымен қазақстандық қамтуға қатысты мәселелерді шешуге бағытталған пікірталас алаңын қалыптастыру болып табылады.

Бизнес-форумның бағдарламасында ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың 2010 жылға қазақстандық тауар өндрушілер мен қызмет көрсетулерді тарту жұмыстары бойынша алдыға қойып отырған жоспарларының таныстырылымын өткізу көзделген. Басқосу соңында ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушы компания өкілдерінің шағын және орта бизнес саласының өкілдерімен екіжақты кездесулері өтеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар