12:03, 22 Қазан 2012 | GMT +5
Ақтөбеде Қазанғап атындағы «Ақжелең» екінші республикалық домбырашылар байқауы өтті
АҚТӨБЕ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Қазанғап атындағы «Ақжелең» екінші республикалық домбырашылар байқауы өтті.
Байқау жастарды домбырада ойнау өнеріне баулу мақсатында облыстық мәдениет басқармасымен ұйымдастырылды.
2 күнге жалғасқан өнер бәсекесіне республиканың түкпір-түкпірінен 17-35 жас аралығында 49 қатысушы қатысты. Байқау барысында шеберлік сабақтары өтті.
Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әртісі Асылбек Кеңегесов байқаудың жүлделі атанды.
1,2,3 орындардың және жүлденің иелері дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.