Ақтөбеде Кеңес Одағы Батырлары аллеясының іргетасы қаланды
Ұлы Отан соғысы жылдары 35 ақтөбелік жауынгер ерен ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алса, 9 жауынгер - Даңқ орденінің толық иегері атанған.
Бүгінгі салтанатты шараға облыс әкімі Елеусін Сағындықов пен қала әкімі Архимед Мұхамбетов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Кеңес Одағы батырлары мен Даңқ ордені иегерлерінің ұрпақтары, Ақтөбе қаласының құрметті азаматтары, Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары, студенттер мен оқушылар қатысты.
«Бұл қаламыздағы ең ерекше орындардың бірі болады, біз бұл жерді әдемі және құрметті орынға айналдыруымыз керек. Бұл өскелең ұрпаққа, өсіп келе жатқан жас ақтөбеліктерге батырлардан үлгі алу үшін керек», - деп атап көрсетті облыс әкімі өз сөзінде.