14:21, 31 Наурыз 2010 | GMT +5
Ақтөбеде кісі өліміне қатысты әрекеттің куәгері мерт болып, аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ақтөбеде кісі өліміне қатысты әрекеттің куәгері ретінде қарастырылып отырған 26 жасар қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұмановтың сөзіне қарағанда, қыз баланың мәйіті наурыздың 20-сы күні табылған. «Ол алдын ала мәліметтер бойынша өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл қыз кісі өлтіру әрекетінің куәгері болғандықтан полицияның қорғауына алынған болатын. Осыған байланысты Өзіндің қауіпсіздік қызметінің өкілдері қыздың өліміне қатысты қызметтік тексерулер жүргізуде. Сонымен қатар бірнеше сот сараптамалары тағайындалды», деді департамент бастығы.