Ақтөбеде кісі өлтіргені үшін іздеуде болған ресейлік азамат ұсталды.

АҚТӨБЕ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Іздеу» операциясы барысында кісі өлтіргені үшін бір жыл бойы іздестірілген ресейлік азамат ұсталды, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Ер адам 2012 жылдың ақпан айында Орск каласында дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған кезде күзетшіні өлтіріп, жасырынған. Кеше ол криминалдық полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Облыс аумағында операцияны жүргізудің 2 күні ішінде жасырынып жүрген 22 қылмыскер, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерін жасағаны үшін - 12, сонымен бірге кісі өлтіргені үшін - 2 қылмыскер ұсталды, із-түссіз жоғалған 6 азамат ізделіп табылды.

Сондай-ақ ТМД елдері іздеу салған 3 қылмыскер, соның ішінде 1 кісі өлтіруші ұсталды.

«Іздеу» ТМД мемлекеттерінің ІІМ-тері арасында қол жеткізілген келісімге сәйкес наурыздың 12-нен 14-не дейін жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар