14:12, 15 Қараша 2012 | GMT +5
Ақтөбеде көліктен құлап түскен екі жасар баланы қарсы келе жатқан автомобиль қағып кетті
АҚТӨБЕ. 15 қараша. ҚазАқпарат - «Ақтөбе-Хромтау» күре жолында «Тойота RAV-4» көлігінің өзінің екі жасар жиенін әкеле жатқан.
Сәби балаларға арналған құралсыз болған әрі оған қауіпсіздік белдігі тағылмаған.
Күрт бұрған кезде көліктен түсіп қалған бүлдіршінді қарсы бағытта келе жатқан басқа автомобиль қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды.
Қазіргі уақытта баланы басып кеткен көлікті және оның жүргізушісінің тұлғасын анықтау бойынша жедел-іздеу шаралары өткізілуде.