Ақтөбеде коммуналдық шағын базарлар ашылуда

АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде жергілікті тауар өндірушілерді, оның ішінде саяжай  мен бақша иелерін қолдау және олардың өнімдерінің бағасын төмендету мақсатында қаладағы коммуналдық шағын базарлар қатары көбейтіле бастады.
None
None

 
Өткен жексенбіде осындай сауда орындарының бірі Жилгородок ауданында ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Нарық құнынан 10-15 пайыз төмен бағамен сататын сауда павильондары орнатылған шағын базардың ашылуына облыс әкімі Елеусін Сағындықов  қатысты.  

Базардың аумағы 1 000 шаршы метр, сауда павильондарының  көлемі - 40 шаршы метр, инвестиция көлемі 7,4 млн. теңге құрады. Базар аумағы толық абаттандырылған. Шағын базарда ақтөбелік ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін «Әділ және М», «Бал-Юн», «Айс», «Рокос», «Рамазан», «Ақтөбе нан», «Ақтөбе кондитер фабрикасы» секілді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге,  «АқтөбеИнтерФрукт»  жеткізуші  серіктестік-операторға және басқа да өндіруші ұжымдарға  сауда орындары берілді.

 «Бизнесті дамыту орталығы» ЖШС директоры Мәндібек Мақтаевтың  айтуынша, жоспарланған осындай он шағын базардың бесеуі қазір қаланың  әр аудандарында жұмыс жасауда. Осындағы сауда павильондарында қалалық әкімдіктің арнайы тізімі бойынша төмен бағамен мүгедектерге және нашар қамтамасыз етілген азаматтарға қызмет көрсетіледі.  Шағын базарлар құрылысына облыстық бюджеттен 55 млн. теңге бөлінді.

 «Коммуналдық шағын базарлар салу  бақша өсірушілер мен саяжай иелері үшін қолайлы болуда, өйткені олар бұрын  өз өнімдерін өткізетін арнайы орын болмағандықтан қаланың кез-келген бұрышында, рұқсат етілмеген жағдайда сауда жасап келген болатын,  ендігі жерде бұл мәселе толық шешімін табатын болады», - дейді Мәндібай Мақтаев.

Соңғы жаңалықтар