Ақтөбеде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ағаш отырғызды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президентінің күні А.С.Пушкин атындағы мәдениет және демалыс саябағында ағаш отырғызудан басталды.
None
None

Қаланы көгалдандыру жұмысына саябақ басшылығы және қызметкерлерімен бірге Ақтөбе қаласының жаңа әкімі Бекбол Сағын да қатысты.

«Қылқан жапырақтыларды қыс мезгілінде отырғызу керек, - деді саябақ директоры Николай Выходец,- сондықтан мұндай ағаштарды ҚР Тұңғыш Президентінің күнінде отырғызу жақсы дәстүрге айналды. Біздің саябақ қалалық әкімдіктің жанында орналасқан және биыл жаңа қала басшысын шараға шақырдық».

«Ағаштарды отырғызу игі іс. Сондықтан оған қуаны қатыстым. Қала тұрғындары осындай бастама көтеретіндері қуантады. Ақтөбені ары қарай көгалдандыру басым бағыттардың бірі, барлық ақтөбеліктерді осыған белсенді қатысуға шақырамын, - деді Бекбол Сағын.

Саябақ аумағында бүгін барлығы 40-тан астам қылқан жапырақтылардың көшеті отырғызылды.

Соңғы жаңалықтар