Ақтөбеде М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының гастролі өтуде

АҚТӨБЕ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаев/ - М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Ақтөбеге гастрольдік сапармен келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кеше облыстық драма театрында М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының премьерасы болды. Кассадағы билеттер күні бұрын сатылып кетсе, залдағы көрермендер спектакль біткен соң да, көпке дейін қошемет көрсетіп, ризашылықпен ұзақ қол шапалақтады.М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының гастролі маусымның 4-іне дейін жалғасады. Әртістер жергілікті көрермендер үшін бес қойылым әкеліпті, олар ? классикалық және қазіргі заманғы шығармалар. Солардың ішінде Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қатысуымен сахналанатын «Ымырттағы махаббат», «Махаббат дастаны» трагедиясы, «Ескі үймен қоштасу» драмасы және «Сыған серенадасы» мюзиклі бар.
Соңғы жаңалықтар
Референдум