Ақтөбеде мамырдан бастап қоғамдық көлікпен жүру бағасы қымбаттайды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қоғамдық көлікпен жүру бағасы тарифін өзгертуге қатысты тасымалдаушы кәсіпорындардан түскен ұсыныстар қаралды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Әкімдік тарифті көтеру туралы ұсынысты қолдады.

«Ақтөбе қаласында жолаушылар мен жүкті жүйелі автокөліктік тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» қаулының жобасына сәйкес, автобуспен жолда жүру 45 теңгенің орнына 55 теңге, шағын автобустармен жүру 55 теңгенің орынан 60 теңге болады.

Қаулы әділет органдарында тіркеліп, басылымда жарияланғаннан кейін мамыр айының басында күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар