Ақтөбеде «Нұр Отан» ХДП филиалы бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

ҚТӨБЕ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Достық үйінде «Нұр Отан» ХДП ақтөбелік филиалы бастауыш партия ұйымдары төрағаларының форумы өтті.
None
None

«Нұр Отан» ХДП филиалының төрағасы Балғали Ордабаевтың айтуынша, шараның негізгі мақсаты - партия құрылымында бастауыш ұйымдардың рөлін арттыру және ішкі партиялық өзара іс-қимылдар жүйесінің тиімділігін көтеру.

«Бүгінде Ақтөбе облысында «Нұр Отан» ХДП мүшелерінің саны 28 374 адамды құрайды, олар 416 бастауыш партия ұйымдарына біріккен. Бастауыш партия ұйымдары төрағаларының 47 пайызының жоғары немесе орта арнаулы білімі бар, сонымен қатар әрбір партия ұйымының жұмыс сапасын арттыру қажет», - деді партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркеш Қалиев.

Сондай-ақ форум аясында бастауыш партия ұйымдарының жұмысы, партияның әртүрлі қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыстарын жетілдіру жайы, партия көшбасшыларын жоғарылату, партия белсенділерін оқыту және т.б. мәселелер талқыланды.

Бұдан басқа 2009 жылғы таңдаулы бастауыш партия ұйымы байқауының қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Қазанғап атындағы мектептің ұжымы және кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығы І дәрежелі дипломдармен және бағалы жүлделермен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар