Ақтөбеде өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында жергілікті кәсіпкерлердің кезекті жеті жобасы мақұлданды
Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаумен жергілікті кәсіпкерлердің жеті жобасы мақұлданды, бұл ретте олардың екеуі мемлекеттің кепілдігін пайдаланды. Сондай-ақ екі кәсіпкер мемлекеттің есебінен өздерінің жаңа нысандарына өндірістік инфрақұрылымды тартады.
«Даму» КДҚ» АҚ филиалы бас менеджерінің айтуынша, мақұлданған жобалардың арасында төртеуі көлікті және арнайы техниканы сатып алумен байланысты. Олардың барлығы несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралын пайдалануда. Онымен бірге, бір кәсіпорын мемлекеттің несие бойынша кепілдігін пайдаланды.
Қалған үш жоба - білім беру, полимерлік материалдардан санитарлық-техникалық бұйымдарды жасау өндірісі және денсаулық сақтау салаларына қатысты. Атап айтқанда, С.Байышев атындағы университет «Бизнестің жол картасы» бойынша несиеге «Дүние» институтының үш қабатты ғимаратын сатып алуда, мұнда С.Байышев атындағы колледж студенттері үшін оқу корпусы ашылады. Университет ғимаратты жылына 13 пайызбен алуда, соның 7 пайызын мемлекет субсидиялайды.