Ақтөбеде ормандарды сақтау проблемалары жөнінде халықаралық конференция ашылды

ТӨБЕ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП ғимаратында «Ормандарды сақтау және орманды аумақтарды ұлғайту, өсімдіктерді өсіру және және күтіп-баптау проблемалары» тақырыбында екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция ашылды.
None
None

Екі күн бойы мамандар орман шаруашылығын жүргізу және шөлді және шөлейт аймақтарда орман өсіру, екпелі ағаштарды және сексеуілдің орман дақылдары мен бұталарын сусымалы құмды жерде өсіру, орман ресурстарын тиімді басқару және басқа да өзекті мәселелерді қарастырады.

Конференцияға Қазақстан мен Ресейден, соның ішінде Астана, Алматы, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Шымкент, Волгоград, Орынбор, Қазан қалаларынан келген ғалымдар қатысуда.

Бұл шараны Ақтөбе облысының әкімдігі, «Елім-Ақтөбе» компаниясы, «Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» Батыс Қазақстан филиалы ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар