Ақтөбеде Отан қорғаушы күніне орай 5 интернационалист-жауынгер баспаналы болды

АҚТӨБЕ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
None
None

Мұнда «Отар» әскери базасында өткен жауынгерлік парад алып экраннан тікелей көрсетілді. Одан кейін жиналған жұртшылықты Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтап, баспана кезегінде тұрған 5 интернационалист-жауынгерге пәтерлерге сертификаттарды табыс етті.

Интернационалист-жауынгерлердің облыстық қоғамының төрағасы Аслан Балқасыновтың айтуынша, бүгінде өңірде Ауған соғысының 1020 қатысушысы тұрады, олардың қатары жыл сайын сиреп барады.

Сондай-ақ алаңда 7 Мамыр және Жеңіс күні құрметіне ақтөбелік әскери гарнизоны бөлімшелерінің саптағы әнімен салтанатты шеруі өтті. Іс-шара мерекелік концертке ұласты. Қала тұрғындарының үлкен қызығушылығын әскери техникалар қойылған көрме тудырды.

Соңғы жаңалықтар