Ақтөбеде ойын-сауық мекемелеріндегі түнгі тәртіпті «Бүркіт» тобы қадағалауға кірісті

АҚТӨБЕ. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Ойын-сауық мекемелеріндегі қылмыстарға дер кезінде әрекет ету үшін Ақтөбе облыстық ІІД-де «Бүркіт» арнайы түнгі тобы құрылды.
None
None

Бұл туралы құзырлы органның баспасөз қызметінен хабарлады.

Оның құрамына әкімшілік полиция, жол полициясы басқармаларының қызметкерлері және жедел әрекет ету арнайы жасағының сарбаздары енген. Топ ойын-сауық орындары орналасқан аумақта кезекшілік атқарып, мекемелердің маңына тоқтаған көліктерді тексереді, қауіпсіздік шаралары бойынша келушілермен және әкімшілікпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Аздаған уақыт ішінде «Бүркіт» тобы 3 травматикалық қаруды тәркілеп, 6 қылмысты әшкереледі. Әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін 60 ақтөбелік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, «Бүркіт» түнгі тобы наурыз айында «Тропикаль» ойын-сауық мекемесі маңындағы аумақта қос жігіттен екі травматикалық қаруды тәркіледі.

Соңғы жаңалықтар