17:14, 04 Қаңтар 2012 | GMT +5
Ақтөбеде өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырып, тұрғындардан ақшаларын алып қойып жүрген телефон алаяқтары іздестірілуде
АҚТӨБЕ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырып, сенгіш тұрғындардан ақшаларын алып қойып жүрген телефон алаяқтары бұл істерін жалғастырып жүр, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Жалған полиция қызметкері адамға оның жақын туысы жасаған қылмысы үшін қолға түсірілгенін, бірақ белгілі төлеммен оны босатуға болатынын хабарлайды. Жәбірленген адам ақшасын беріп жібереді, ал туысын, анықталғандай, тіпті ұстаған да жоқ.
Осылайша, 30 желтоқсан күні 44 жастағы әйелден белгісіз біреулер алдау арқылы 2 мың долларын алып қойды, басқа жағдайда 50 жастағы әйел алданды - одан алаяқтар 45 мың теңге алды.
Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын қырағы, ұқыпты болуды және осындай деректер туралы полицияға уақытында хабарлауын сұрайды.