Ақтөбеде патриоттық әндерді орындаушылар арасында байқау өтті

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» байқауына облыс аудандарынан, Ақтөбе қаласынан 21 адам қатысты. Байқау мақсаты - жастар арасында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына Мемлекет басшысының қосқан орасан үлесін насихаттау», - деп атап өтті халық шығармашылығы үйінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Сейталина.
Конкурсанттардың әрқайсысы бір патриоттық ән және Тұңғыш Президентке арналған бір ән шырқады.
Байқау нәтижесі бойынша Гран-при және 50 мың теңге сыйақы Хромтау ауданына келген бойжеткен Гүлнұр Қожағұловаға бұйырды, бірінші орын және 40 мың теңге ақшалай жүлдені Музыкалық колледж студенттерінің «Өркен» ансамблі алды. 2-орынды Мұғалжар мен Байғанин аудандарының келген қатысушылар Алмат Сматов пен Болат Мейіров иеленді. 3-орынды Ақтөбе қ. «Геолог» МҮ әншісі Ұлан Досмұратов пен Темір ауданынан қатысқан Батырбек Аманқұлов алды. «Нұр Отан» партиясының арнайы жүлдесіне Шалқар ауданынан келген жас жігіт Бақытқали Жанқұлов лайық деп танылды.