Ақтөбеде учаскелік полиция инспекторы алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға сотталды

АҚТӨБЕ. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Ақтөбе қаласы ІІБ Сазды бөлімінің учаскелік полиция инспекторына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
None
None

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, мемлекеттік жұмыстарды атқаруға уәкілетті лауазымға ие полиция қызметкері өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, алдау және адамдардың сенімін теріс жолда пайдалану арқылы ақтөбелік бір азаматтың 10 мың теңгесін қағып алған.

Ақтөбе қаласы №2 сотының шешімімен учаскелік полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 177 бабы, 3 тармағы «г» пунктісі бойынша айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, оның мүлкі тәркіленеді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум