16:54, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Ақтөбеде ұлттық жастар дельфий ойындарының облыстық іріктеу туры өтті
АҚТӨБЕ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде 4-5 мамыр аралығында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұлттық жастар дельфий ойындарының ҮІІ облыстық іріктеу туры болып өтті.

Іс-шараны ішкі саясат, білім және мәдениет басқармалары 11 аталым бойынша ұйымдастырып, олардың барлығы қаланың оқу орындары мен мәдениет орталықтарында өткізілді.
Дельфий ойындарының облыстық іріктеу турына 10 мен 21 жас аралығындағы балалар мен жастар қатысты (академиялық ән айту 16 жастан 25 жасқа дейін). Жеңімпаздарға дипломдар мен грамоталар тапсырылды. Олар сонымен қатар Атырау қаласында 14-18 маусымда өткізілетін республикалық дельфий ойындарына қатысуға жолдама алды.