Ақтөбеде ұрлық жасау күдігімен Атырау облысының екі тұрғыны ұсталды

АҚТӨБЕ. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өзгенің мүлкін ұрлауда күдікті деп танылған Атырау облысының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

2 тамызда Заречный полиция бөліміне 31 жастағы ер адам келіп, құрылыс заттары мен құралдардың жоғалып кеткенін айтты. 

Жәбірленушінің айтуынша, күндіз үйінің ауласынан 10 батарея, генератор, 200 мың теңге тұратын бетон араластыратын шағын машина ұрланды.

Қылмыстық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар Атырау облысына қарасты Кұлсары кентінің 31 және 24 жастағы екі азаматы болып шықты. 1 тамызда Ақтөбеге келген олар келесі күні құрылыс материалдарын ұрлаған. 

Полицейлер күдіктілердің сол күні «Ауди» көлігімен жүргенін, ұрланған заттардың барлығын көлікке артқанын анықтады. Ұрланған мүліктің көп бөлігін шайханада жұмыс істейтін әйелге сатып жіберді.

Бұдан басқа, күдіктілер жекеменшік тұрғын үйлердің бірінен велосипед ұрлап алып, оны бірінші кездестірген адамдарға сатқаны анықталды.

Қазіргі уақытта оларға қатысты ҚР ҚК-нің 175 бабымен («Ұрлық») қылмыстың іс қозғалды. Күдіктілердің тағы басқа ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, олар ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.

Соңғы жаңалықтар