19:00, 29 Ақпан 2012 | GMT +5
Ақтөбеде ұры мешіттен 270 мың теңге алып кетті
АҚТӨБЕ. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының орталық мешітінен 270 мың теңге ұрланды, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Түнде белгісіз біреулер мешіттің есігін сындырып, қайырымдылық жәшігінен 270 мың теңгені ұрлап әкетті. Полиция қызметкерлері бұл қылмысты жасаған күдіктіні тауып, қолға түсірді - ол мешітте күзетші болып жұмыс істеген 37 жастағы ер адам болып шықты.
Тергеу алдындағы тексеріс барысында оның түнде мешітте қалып, жәшікті ашқаны, бүкіл ақшаны алып, желдеткіш арқылы шығып кеткені анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 175 бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды, ақша алынды, тергеу жүргізілу үстінде.