19:26, 04 Қаңтар 2012 | GMT +5
Ақтөбеде ұрыс кезінде жас адам өзінің жүріп жүрген қызына, оның анасы мен атасына пышақ салды
АҚТӨБЕ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде Жаңа жыл қарсаңында болған ұрыс кезінде жас адам өзінің жүріп жүрген қызына, оның анасы мен атасына пышақ салды, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде.
Пышақтан жарақат алу туралы ақпарат полиция қызметіне 31 желтоқсан күні кешкі сағат 11-де келіп түсті.
Оқиға орнына келген тергеу-жедел тобы 25 жасар жас адамның өзінің жүріп жүрген 20 жастағы қызына, оның 72 жастағы атасы мен ішіне тиген пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмған 42 жастағы анасына пышақ салғанын анықтады. Бойжеткен және оның атасы теміржол ауруханасына жеткізілді.
Заводской бөлімі полициясының қылмыстық полиция қызметкерлері қабылдаған жедел шараларының барысында келесі күні күдікті азамат қолға түсірілді. Ұрыстың себептері мен түрткілері анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 96 бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті азамат қамауға алынды.