15:15, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
Ақтөбеде VII аймақтық «Жазғы демалыс -2009: Туризм. Саяхат. Спорт» туристік жәрмеңкесі ашылды
АҚТӨБЕ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбедегі «Қоныс» спорт сарайында VII аймақтық «Жазғы демалыс -2009: Туризм. Саяхат. Спорт» туристік жәрмеңкесі мен халық шеберлерінің «Шеберлер ауылы» республикалық фестивалі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Көрме-жәрмеңкеге Қазақстанның, Қырғызстанның туристік фирмалары, туристік кластерді дамытуға атсалысушы басқа да субъектілер, кәдесый өнімдері мен ұлттық бұйымдар, музыкалық аспаптар жасайтын кәсіпорындар мен шеберлер қатысуда. Шара осымен жетінші рет өткізілуде, бірақ аймақтың атқарушы өкіметі биыл бұл іспен кәсіби тұрғыда айналысқаны көрініп тұр ? көрменің өз брэнді жасалған, туристік кластерге кіретін барлық кәсіпорындар шақырылған және қолданбалы өнер шеберлерінің қатары кеңейтілген. Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Евгений Никитинский жиналған қауымды көрменің ашылуымен және Ақтөбенің 140 жылдық мерейтойымен құттықтай келе: «Бұл республикадағы туризмнің дамуын паш ететін өзіндік байқау, және бұл шараға Қазақстан өңірлерінің атсалысуы біздің қуантып отыр. Бұл игілікті іс ең алдымен, ішкі туризм бойынша серіктестік қарым-қатынастар орнатуға көмектеседі. Еліміздің өңірлерінде туризмді дамыту бойынша жұмыстың жандана бастағаны өте маңызды», - деп атап көрсетті.