Ақтөбеде жәбірленуші ұрыны өзі ұстап, полицияға тапсырды

АҚТӨБЕ. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Ақтөбе полициясына қаланың 31 жастағы тұрғыны келіп, ақша салынған әмиянын ұрлаған қылмыскерді өзі ұстағанын хабарлады.
None
None

Қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ер адам досымен бірге дәмханада демалып отырған. Ақша салынған әмиянын үстелдің шетіне қойып, аздаған уақытқа қараусыз қалдырған. Бір кезде әмиянның үстелде жоқ екенін байқаған ол досымен бірге далаға шығып, қашып бара жатқан жігітті көреді. Оны қуып жетіп, ұстап алады. 

Ұсталған 34 жастағы ақтөбелік азамат бұл күні дәмханаға үстелге тапсырыс беру үшін кіргенін айтты. Үстел үстінде қараусыз жатқан әмиянды көргенде өз-өзін ұстай алмай, ұрлап әкетті. Аталған факті бойынша «Ұрлық» бабымен қылмыстық іс қозғалды, ұсталған азамат ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.

Соңғы жаңалықтар