Ақтөбеде жаңа мектеп ашылды (ФОТО)
Жаңа оқу орнының салтанатты ашылуына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағын қатысты.
Мектеп аумағында тәжірибелік-эксперименталдық биологиялық және географиялық алаң орналасқан, онда оқу пәндері бойынша зертханалық жұмыстар жүргізіледі. Баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика алаңдарымен спорт аймағы бар. Мектеп заманауи талаптарға сәйкес келеді: қажетті мүкамалдармен жабдықталған мамандандырылған кабинеттер, түрлі шеберханалар бар.
Жаңа мектеп ашылғанға дейін 318 бала тар ғимаратта білім алды. Құрылысқа облыстық бюджеттен 372, 2 миллион теңге бөлінді. Үш қабатты мектеп құрылысы 2014 жылғы маусымда басталған. Мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кент тұрғындарын, педагогтарды, ата-аналарды, оқушыларды ерекше оқиғамен шын жүректен құттықтады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік мәселелерді іске асыру маңыздылығына тоқталды. Ол қатысушыларға жаңа мектептен еліміздің болашақ білікті де білімді мамандары өсіп шығуын тіледі.
Бердібек Сапарбаев жергілікті тұрғындарға да көңіл бөліп өтті. Ол ауылдықтардың барлық проблемалары жайлы білетінін, келешекте барлығы өз шешімін табатынын жеткізді. Атап айтқанда, әкім жол, қоғамдық көлік, сапасыз ауызсу мәселесін шешуге уәде берді.
Сосын «КазПросСтрой групп» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Бақытжан Ержанов директор Мәншүк Досжановаға жаңа мектептің кілтін табыс етті.
Сабақтан тыс уақытта үйірмелер ұйымдастырып, мектепке дейінгі дайындық сабақтарын ұйымдастыру жоспарлануда. 40 орындық шағын орталық жұмыс істейді. Үш топта 3-5 жас аралығындағы балалар тәрбиеленуде.
Мектепті, оқу кабинеттерін, асхана, акт және спорт залдарын аралап, оқушылар, педагогтармен әңгімелескен соң, әкім мектептің алдына шырша екті.
Мектептің ескі ғимаратын қайта жөндеуден өткізіп, орнына балабақша салу жоспарлануда.